KAZAKHMYS PLС Компаниясы (Біріккен Корольдік) 2012 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық тауар өндірушілерден атып алу үлесін көбейткені туралы хабарлады

08.02.13 12:27
/KASE, 08.02.13/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, KAZAKHMYS PLС Компаниясы (Лондон), биржаға жолдаған 2013 жылдың 07 ақпанындағы баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарлады: цитата басы 2012 жылдың 12 айы ішінде «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС тауарларды жеткізуге, жұмыстарды орындап, қызметтер көрсетуге 252 млрд.теңге жұмсады. Соның ішінде тауарлар сатып алуға 134 млрд.теңге, жұмыстар орындап, қызметтер көрсетуге 118 млрд.теңге бөлінген. 2011 жылдың сондай кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда, корпорацияның жалпы сатып алулары 57 млрд теңгеге немесе 29 пайызға өскен. Қазақстандық үлес жалпы сатып алу көлемінің 62 пайызын құрады. Бұл ретте, жұмыстар мен қызметтер санатындағы қазақстандық үлестің көлемі 99 пайыздан асқан. Қазақстандық кәсіпорындардан (СТ-КZ сертификатымен) сатып алу 157 млрд. теңгені құрады, бұл 2011 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 44 млрд. теңгеге артық. Резидент емес тұлғалардан сатып алу жалпы көлемнің 15 пайызын құрады. 2012 жылы шағын кәсіпкерліктің дамуын ынталандыру жөніндегі жұмыс, ірі өнеркәсіп кәсіпорындарымен, орта және шағын кәсіпорындармен арадағы ынтымақтастық, сондай-ақ моноқалалардағы кәсіпкерлікті дамыту ісі жалғасын тапты. Қазақмыстың бастамасымен Балқаш пен Жезқазған қалаларында Кәсіпкерлер мен өнеркәсіпшілердің Одағы және Қауымдастығы құрылды. 2012 жылдың өзінде-ақ аталмыш бірлестіктердің өкілдерімен жалпы сомасы 5 млрд.теңгеден асатын 400 келісімшарт жасалған. Қазіргі уақытта қауымдастықтардың 116 мүшесі бар, оның ішінде бес мыңға жуық жұмыскерлер еңбек ететін 44 өндірістік компания тіркелген. цитата соңы Осы баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасымен KASE веб-сайтында: - қазақ тілінде – http://www.kase.kz/files/emitters/GB_KZMS/gb_kzms_reliz_070213_k.pdf мекен-жайы бойынша; - орыс тілінде – http://www.kase.kz/files/emitters/GB_KZMS/gb_kzms_reliz_070213.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады [2013-02-08]