"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ өзінің, сомасы $425 млн, XS0860582435, US25159XAB91 (BRKZe7) халықаралық облигацияларын қосымша орныластыру туралы

07.02.13 17:49
/KASE, 07.02.2013/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ (Астана), биржаға жолдаған 07 ақпандағы баспасөз-мәлімдемесінде былай деп хабарлады: 2013 жылдың 07 ақпанында "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ (Банк немес ҚДБ) шет мемлекеттік заіңнамасына сәйкес "Орта мерзімді ноталар бойынша бағдарлама" шегінде шығарылған, срмасы 425 млн АҚШ долларын құрайтын, Еурооблигацияларын қосымша орналастыруды жүзеге асырды. Нәтижесінде 6-шы шығарылымның сомасы 1 425 млн АҚШ долларын құрады, өтеу мерзімі 2022 жылы және купондық мөлшерлемесі жылдық 4,125% құрады. Әлемдік қаржы нарықтарындағы тұрақсыздық жағдайына қарамастан, қосымша орналастыру барысында өтеуге кірістілігі жылдық 4,200% деңгейінде қалыптасты, бұл 2012 жылдың желтоқсан айындағы бастапқы орналастыру кезіндегі кірістіктен төмен (4,326%) болды. Банктің Еурооблигацияларын сатып алуға өтінімдер Кітабы жоспарланған тарту сомасынан 2,7 есе үстем болды. Шығарылым ұйымдастырушылар JP Morgan, VTB Capital және Halyk Finance болып табылады. [2013-02-07]