"Kaspi Bank" АҚ (Казахстан) KZP03Y10E059 (KZ2C00001964, CSBNb12) и KZP04Y05E057 (KZ2C00001972, CSBNb13) облигациялары 07 ақпаннан бастап KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді

07.02.13 11:55
/KASE, 07.02.13/ – Бұдан бұрын жарияланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 31 қаңтарындағы шешімімен KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша "Kaspi Bank" АҚ (Алматы) келесі облигациялары KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді: - KZP03Y10E059 (KZ2C00001964, 100 теңге, 10,0 млрд теңге; 07.02.13 – 17.02.23; инфляция деңгейімен индекстелген жарты жылдық купон, бірінші үш купондық кезеңге жылдық 11,00 %; 30/360); - KZP04Y05E057 (KZ2C00001972, 100 теңге, 10,0 млрд теңге; 07.02.13 – 07.02.18; жылдық 8,00 % жарты жылдық купон; 30/360). Листингтік комиссиясының бұл шешімі, эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағы 2) тармақшасындағы шарттарды орындауына байланысты, 2013 жылдың 07 ақпанынан бастап өз күшіне енді. Аталмыш облигациялар бойынша KASE сауда-саттығының ашылуы туралы қосымша жарияланады. Аталмыш облигациялардың ұстаушылар өкілі "Сентрас Секьюритиз" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға тиісінше CSBNb12 және CSBNb13 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілген. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпараттар KASE веб-сайтында 07 ақпанда http://www.kase.kz/ru/emitters/show/csbn мекен- жайы бойынша жарияланады. [2013-02-07]