2013 жылдың қаңтарында биржадағы репо операциялары нарығындағы сауда-саттық көлемі 13,7 %-ға төмендеп, 807,3 млрд теңгені ($5,4 млрд) құрады
06.02.13 17:52
/KASE, 06.02.13/ – 2013 жылдың қаңтарында Қазақстан қор биржасындағы
(KASE) репо операциялары нарығындағы сауда-саттық көлемі 807,3 млрд
теңгені (баламасы 5 355,8 млн АҚШ долларына тең) құрады және өткен
жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 13,7 %-ға (15,0 % долларлық
көрсетілімде) өсті.
2012 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда сауда-саттық көлемі
15,9 % (16,0 % долларлық көрсетілімде) төмендеді.
Төмендегі кестеде 2013 жылы биржалық нарықтың аталған секторындағы
сауда-саттық көлемі (тартылған сома бойынша есептелген) айларға және
секторларға бөлініп көрсетілген, сондай-ақ 2012 жылдың салыстырмалы
мәліметтері берілген (өзгесі көрсетілмесе, млрд теңге).
---------------------------------------------------------
Автоматты репо "Тікелей" Сауда-саттық көлемі
репо
-------------- ---------- --------------------
Жыл, ------- ------ ----- ---- ---------- ---------
ай ББҚ МБҚ ББҚ МБҚ млрд KZT млн USD
---------- ------- ------ ----- ---- ---------- ---------
2013, I 8,5 798,5 0,3 0 807,3 5 355,8
құрылым, % 0,4 99,5 0,05 <0,1 100,0 100,0
---------- ------- ------ ----- ---- ---------- ---------
2012, I 3,9 930,5 0,5 0 934,9 6 300,3
тренд, % +116,8 -14,2 -44,1 X -13,7 -15,0
---------------------------------------------------------
ББҚ – беймемлекеттік эмиссионды бағалы қағаздар;
ГЦБ – мемлекеттік эмиссионды бағалы қағаздар;
"тікелей" репо – "тікелей" тәсілмен жүзеге асырылатын репо операциялары (репоны
ашудың және жабудың тікелей мәмілелерін жасау арқылы).
[2013-02-06]