"Kaspi Bank" АҚ (Қазақстан) өзінің KZP03Y10E059 (KZ2C00001964, CSBNb12) және KZP04Y05E057 (KZ2C00001972, CSBNb13) облигацияларын ұстаушылар өкілінің ауысқаны туралы хабарлады

06.02.13 12:50
/KASE, 06.02.13/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Kaspi Bank" АҚ (Алматы), биржаға жолдаған ресми хатында "2013 жылдың 01 ақпанынан бастап "Kaspi Bank" АҚ екінші облигациялық бағдарламасы шегінде шығарылған, үшінші шығарылым субординацияланған облигацияларының (НИН – KZP03Y10E059) және төртінші шығарылым облигацияларының (НИН – KZP04Y05E057) ұстаушылар өкілі "Сентрас Секьюритиз" АҚ болды" деп мәлімдеді. [2013-02-06]