"АТФБанк" АҚ (Қазақстан) "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ өзінің KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, DTJLb1) облигациялары бойынша жетінші купонды уақтылы төлемегені үшін өсімақысын жартылай төлегені туралы хабарлады

05.02.13 16:09
/KASE, 05.02.13/ – "АТФБанк" АҚ (Алматы) инфрақұрылымдық KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, KASE ресми тізімі, "буферлік санат" санаты, DTJLb1; 1 000 теңге, 30,0 млрд теңге; 02.08.05 – 02.08.28, инфляция деңгейі бойынша индекстелген жылдық купон, ағымдық купондық мерзімге жылдық 5,45 %, 30/360) облигацияларын ұстаушы "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ Қазақстан қор биржасына (KASE) ресми хатпен төмендегіні хабарлады: цитата басы "АТФБанк" АҚ 2013 жылдың 23 қаңтарында төлем агенті арқылы барлық облигацияларды ұстаушыларға 7-ші купондық кезең үшін есептелген сыйақының 3% көлемінде купондық сыйақының қалған бөлігін 77 548 248,75 (жетпіс жеті миллион бес жүз қырық сегіз мың екі жүз қырық сегіз) теңге 75 тиын төлегенін "ДТЖ" АҚ хабарлады. цитата соңы [2013-02-05]