"АТФБанк" АҚ (Қазақстан) "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ өзінің KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, DTJLb1) облигациялары бойынша төртінші купонды уақтылы төлемегені үшін өсімақысын жартылай төлегені туралы хабарлады
05.02.13 16:09
/KASE, 05.02.13/ – "АТФБанк" АҚ (Алматы) инфрақұрылымдық
KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, KASE ресми тізімі, "буферлік санат"
санаты, DTJLb1; 1 000 теңге, 30,0 млрд теңге; 02.08.05 – 02.08.28, инфляция
деңгейі бойынша индекстелген жылдық купон, ағымдық купондық мерзімге
жылдық 5,45 %, 30/360) облигацияларын ұстаушы "Досжан темір жолы
(ДТЖ)" АҚ Қазақстан қор биржасына (KASE) ресми хатпен төмендегіні
хабарлады:
цитата басы
"ДТЖ" АҚ міндеттемелерін уақтылы төлемегені үшін есептелген өсімақыны
төлеу кестесіне сәйкес келісімдерді орындау үшін 4-ші купондық кезеңге
сыйақы төлеу бойынша жалпы қарыз сомасынан 2013 жылдың
25 қаңтарында облигацияларды ұстаушыларға 8 099 563,30 (сегіз миллион
тоқсан тоғыз мың бес жүз алпыс үш) теңге 30 тиын төледі.
цитата соңы
[2013-02-05]