"Банк ЦентрКредит" АҚ (Қазақстан) өзінің KZ1P36280116 артықшылықты акциялары бойынша 2012 жылға дивиденд төлегені туралы хабарлады

01.02.13 17:32
/KASE, 01.02.13/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы) биржаға ұсынған ресми хатында 2013 жылдың 31 қаңтарында 2012 жылдың 01 желтоқсанындағы ұстаушылар тізбесі жүйесіндегі тіркелген аталған бағалы қағзадар ұстаушыларына Банктің жай акцияларына айналдырылған (ҰСН KZ1P36280116) артықшылықты акцияларына дивиденд төлегені туралы хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес, төленген сыйақының сомасы 392 492 теңге 55 тиынды құрады. [2013-02-01]