"Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" Ұлттық компаниясы АҚ KZP02Y03B920 (KZ2C00000677, PRKRb3) облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

01.02.13 15:05
/KASE, 01.02.13/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2013 жылдың 01 ақпанынан бастап "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" Ұлттық компаниясы АҚ (Алматы) KZP02Y03B920 (KZ2C00000677, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, PRKRb3; 1 000 тенге, 15,0 млрд тенге, 01.02.10 – 01.02.13; жарты жылдық купон жылдық 10,50 %; 30/360) облигацияларының айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды деп хабарлайды. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санатына 2010 жылдың 01 ақпанынан бастап енгізілген. Олардың сауда-саттығы 2006 жылдың 12 ақпанда ашылған. Аталмыш облигациялардың биржада айналыста болу мерзімінде олардың сатып алушы үшін өтелуіне кірістілігі (ашық сауда-саттық әдісімен жасалған мәмілелер бойынша) жылдық 0,13 және 10,00 % аралығында құбылды. 2012 жылы аталмыш облигациялар биржадағы мемлекеттік емес бағалы қағаздарының саудалану рейтингінде жасалған мәмілелердің көлемі бойынша 15-ші жайғасымға (нарықтың тиісті айналымынан 1,35 %) және корпоративтік облигациялардың осыған ұқсас рейтингінде 11-ші жайғасымға иеленді (2,37 %). [2013-02-01]