БИРЖА 2013 ЖЫЛДЫҢ 01 АҚПАНЫНАН БАСТАП, KASE ИНДЕКСІНІҢ МӘНІНЕ ЫҚПАЛ ЕТЕТІН, АКЦИЯЛАРДЫҢ ПАРАМЕТРЛЕРІН ӨЗГЕРТТІ

01.02.13 12:57
/KASE, 01.02.13/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің шешімімен 2013 жылдың 01 ақпанынан бастап KASE индексінің өкілетті тізіміне енетін акциялардың жаңа параметрлері, – еркін айналыстағы акциялардың үлесі және шектеу коэффициенттері – анықталды. Төменде берілген кестеде KASE Индексінің мәніне ықпал ететін, акциялардың 01 ақпанға дейін қолданыста болған және жаңа параметрлері көрсетілген. ------------------------------------------------------------------------------ 2013 жылдың 01 ақпанынан бастап 2013 жылдың 01 ақпанына дейін ------------- ------- ------------ ------------- ------- ------------ орналас- free шектеу орналас- free шектеу Акцияның тырылған float коэффициенті тырылған float коэффициенті коды акциялар (Fi), % (Ri) акциялар (Fi), % (Ri) саны саны -------- ------------- ------- ------------ ------------- ------- ------------ CCBN 162 456 800 27,2 1,0000000 162 456 800 27,2 1,0000000 GB_ENRC 1 287 750 000 18,6 0,0523851 1 287 750 000 18,6 0,0425233 GB_KZMS 524 109 350 41,8 0,0325441 527 462 458 42,2 0,0290125 HSBK 1 091 132 659 24,7 0,2182168 1 091 138 829 24,7 0,2210042 KKGB 778 625 062 7,3 1,0000000 778 625 062 7,3 1,0000000 KZTK 10 772 761 21,4 0,3807802 10 874 545 22,2 0,1814915 RDGZ 70 094 044 38,5 0,0270001 70 103 314 38,5 0,0292546 ------------------------------------------------------------------------------ Осыдан басқа, Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің аталмыш шешімімен 2013 жылдың 01 ақпанынан бастап KASE Индексін есептеу барысында түзету коэффициентінің жаңа мәні (K) – 1,0078020 қолданылады. Аталған күнге дейін К мәні 4,9324643 тең болған. КЕСТЕГЕ ТҮСІНДІРМЕ KASE индексі – KASE акция нарығының индексі, ол аталмыш индексті есептеу үшін өкілетті тізімге енгізілген акциялар бағасының өзгеруін, олардың эмитенттерінің капитализациясын және еркін айналыстағы (free float) бұл акциялар санын ескере отырып, көрсетеді. Бір атаулыдағы акцияның KASE индексіне ықпалы 15 %-дан аса алмайды. KASE индексі осы индексті есептеу үшін өкілетті тізімдегі атаулы акцияларымен мәміле жасау шамасына қарай сауда-саттық күні барысында есептеледі. Параметрлері KASE индексін есептеуге қажетті, мәмілелер сауда-саттық күні барысында жасалмаса, мұндай есептесулер мақсатында соңғы нәтижелі сауда-саттық сессиясының нәтижелері қолданылады. Индексті есептеу әдістемесі "Қор нарығы индикаторын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатында берілген, ол KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf мекен-жай бойынша жарияланған. Индекс беті http://www.kase.kz/ru/index_kase мекен-жай бойынша жарияланған. Акция коды: биржада сатылатын, бағалы қағаздар эмитентінің кодын (алғашқы 4 таңбасы, сондай-ақ жай акция коды): акция санатын (егер бесінші таңба "p" болса, онда артықшылықты акция); акция шығарылымының реттік нөмірі (қажет болған жағдайда, алтыншы сандық таңба) көрсетіледі. Эмитенттердің кодтары: CCBN – " ЦентрКредит Банкі" АҚ; GB_KZMS – KAZAKHMYS PLC; GB_ENRC – EURASIAN NATURAL RESOURCES CORPORATION PLC; HSBK – "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ; KCEL –"Кселл" АҚ; KKGB – "Казкоммерцбанк" АҚ; KZTK – "Қазақтелеком" АҚ; KZTO – "КазТрансОйл" АҚ; RDGZ – "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ. Орналастырылған акциялар саны – листингілік компания акционерлерінің тізілімі жүйесінің үзінді көшірмесінің мәліметтері немесе компанияның ақпараты негізінде, қайта сатып алынғандарды есептемегенде, листингілік компанияның орналастырылған акциялар саны ретінде, KASE дербес түрде анықтайтын, параметр. Биржа KASE Индексін есептеу кезінде орналастырылған акциялардың биржадағы құжаттармен расталған санының мәнін ескереді. Free float (Fi), % – мемлекетке, эмитент менеджментіне және, эмитенттің жай акцияларының жалпы санынан бес және одан көп көлеміндегі пайызына иеленген, акционерлерге тиесілі емес, KASE Тәуекел комитетінің шешімімен стратегиялық деп танылмаған (есептік қызмет көрсету қызметін атқаратын институционалды инвесторлар, номиналды иелері және т.б.) акционерлерді қоспағанда, акциялардың саны ретінде KASE анықтайтын параметр. Шектеу коэффициент (Ri) – әрбір акцияның индекс мәніне ықпалын он бес пайызға дейін шектейтін, параметр. [2013-02-01]