"Шымкентмай" АҚ KZ2С0Y05E347 (KZ2C00001931, SMAYb1) облигациялары биржада "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

01.02.13 10:22
/KASE, 01.02.13/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2013 жылдың 31 қаңтарындағы шешімімен "Шымкентмай" АҚ (Шымкент) KZ2С0Y05E347 (KZ2C00001931, 1 000 теңге, 1,5 млрд теңге; 5 жыл, жылдық купон, жылдық 9,00 %, 30/360) облигациялары KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді. Листингтік комиссиясының шешімі өз күшіне енген датасы туралы, эмитент KASE "Листингілік ережелер" атты ішкі құжатының 18 бабының 1 тармағында белгіленген шарттарды орындағаннан кейін, қосымша жарияланады. Сондай-ақ, аталмыш облигациялар бойынша KASE сауда-саттық ашылуы туралы қосымша жарияланады. Аталмыш облигациялардың қаржылық кеңесшісі "Сентрас Секьюритиз" (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигациялардың ұстаушыларының өкілі "Seven Rivers Capital" АҚ ("Севен Риверс Капитал") (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға SMAYb1 қысқартылған белгілері (сауда-саттық кодтары) берілді. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпараттар, айтылмыш Листингтік комиссиясының шешімі өз күшіне енгеннен кейін KASE веб-сайтында жарияланады. [2013-02-01]