"Kaspi Bank" АҚ KZP03Y10E059 (KZ2C00001964, CSBNb12) және KZP04Y05E057 (KZ2C00001972, CSBNb13) облигациялары биржада "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

01.02.13 10:18
/KASE, 01.02.13/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2013 жылдың 31 қаңтарындағы шешімімен "Kaspi Bank" АҚ (Алматы) келесі облигациялары KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді: - KZP03Y10E059 (KZ2C00001964, 100 теңге, 10,0 млрд теңге; 10 жыл; инфляция деңгейі бойынша индекстелген жарты жылдық купон, алғашқы үш купондық кезеңге 11,00 %; 30/360); - KZP04Y05E057 (KZ2C00001972, 100 теңге, 10,0 млрд теңге; 5 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 8,00 %; 30/360). Листингтік комиссиясының шешімі өз күшіне енген датасы туралы, эмитент KASE "Листингілік ережелер" атты ішкі құжатының 18 бабының 1 тармағында белгіленген шарттарды орындағаннан кейін, қосымша жарияланады. Сондай-ақ, аталмыш облигациялар бойынша KASE сауда-саттық ашылуы туралы қосымша жарияланады. Аталмыш облигациялардың шығарылымы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қаржы нарығы жіне қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінің 2011 жылғы 28 маусымдағы жалпы сомасы 100,0 млрд теңгеге тіркеген, "Kaspi Bank" АҚ екінші облигациялық бағдарламасы аясындағы үшінші және төртінші болып табылады. Аталмыш облигациялардың ұстаушыларының өкілі "Unicorn IFC" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға CSBNb12 және CSBNb13 қысқартылған белгілері (сауда-саттық кодтары) берілді. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпараттар, айтылмыш Листингтік комиссиясының шешімі өз күшіне енгеннен кейін KASE веб-сайтында жарияланады. [2013-02-01]