KAZAKHMYS PLС компаниясы (Біріккен Корольдік) өзінің 2012 жылғы өндірістік қызметінің қорытындыларын жариялады

31.01.13 17:53
/KASE, 31.01.13/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған KAZAKHMYS PLС компаниясы (Лондон), биржаға 2013 жылдың 31 қаңтардағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлайды: цитата басы 2012 жылдың 12 айындағы және 4-ші тоқсанындағы өндірістік есебінің нәтижелері бойынша Қазақмыс Тобының барлық бөлімшелері тұрақты көрсеткіштерге қол жеткізді. Катодты мыстың жалпы жылдық өндіріс көлемі 294 мың тоннаны, ал меншікті концентраттан өндірілген мыстың көлемі 292 мың тоннаны құрап отыр. Бұл көрсеткіштер 2012 жылдың өндірістік жоспарына сай келеді. Ілеспелі өнімдер өндірісі де компания болжаған деңгейге жетті. Сөйтіп, концентраттағы мырыш өндірісі 152 мың тоннаны, ал алтынның жалпы өндірілген көлемі 129 мың унцияны құрады. 12, 643 млн. унция күміс өндірілді. Күміс өндіру көлемінің жоспарлы көрсеткіштен асып түсуіне кен құрамында бағалы металл мөлшерінің жоғары болуы себеп. цитата соңы Осы баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында: - қазақ тілінде - http://www.kase.kz/files/emitters/GB_KZMS/gb_kzms_reliz_310113_kz.pdf –; - орыс тілінде - http://www.kase.kz/files/emitters/GB_KZMS/gb_kzms_reliz_310113.pdf; - ағылшын тілінде - http://www.kase.kz/files/emitters/GB_KZMS/gb_kzms_reliz_310113_en.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2013-01-31]