«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы «Н Блок Б.В.» компаниясының 100% акциясын сатып алатыны туралы хабарлады
30.01.13 17:33
/KASE, 30.01.13/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы" АҚ (Астана), биржаға
(KASE) 2013 жылдың 30 қаңтарындағы баспасөз хабарламасын ұсынды:
цитата басы
2013 жылғы 25 қаңтарда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ («ҚМГ» және «КонокоФиллипс
Петролеум Холдингз Б.В.» («КОФ») «Н Блок Б.В.» компаниясының 100%
акциясын сатып алу бойынша мәмілені аяқтады.
Осы мәміле нәтижесінде ҚМГ Н жобасындағы жер қойнауын пайдалану
құқығының 75,5% және «Н Оперейтинг Компани» ЖШС-дағы 75,5% қатысу
үлесін иеленді.
Қол қойылған Н жобасы бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған
келісімшартқа сәйкес ҚМГ 75,5% қатысу үлесімен және МДК (Ойл & Газ Н
Блок Қазақстан) ГмбХ – 24,5% қатысу үлесімен жобаның қатысушысы болды.
ҚМГ-нің Н жобасындағы үлесінің ұлғаюы Ұлттық компанияның Каспий
теңізінің қазақстандық секторындағы теңіз геологиялық барлау
жобаларындағы рөлінің күшеюі бойынша жоспарлы қадамын көрсетіп отыр.
Анықтама үшін:
«Н» жобасы оған толықтыруларымен қоса 2009ж.29.05 «Н» учаскесі
бойынша көмірсутегі шикізатын барлауға және өндіруге арналған келісімшарт
болып өзгертілген 2007ж.29.12 №2546 Өнімді бөлу туралы келісімге сәйкес
іске асырылуда. Ракушечное-море құрылымы бойынша бағалау жұмыстары
кезеңіне өту жүзеге асырылды. Нұрсұлтан құрылымында жүргізілген
геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесі бойынша ҚР Мұнай және газ
министрлігіне көмірсутегілердің табылу ықтималдығы туралы хабарлама
жіберілді.
«Н Оперейтинг Компани» ЖШС – Н жобасын іске асыру үшін құрылған
компания (Қатысушылары ҚМГ 75,5% және MДК (Ойл & Газ Н Блок
Казахстан) ГмбХ – 24,5% қатысу үлесімен)
Баспасөз қызметі
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы»АҚ
Қазақстан, 010000, Астана қ., Қабанбай батыр
д-лы, 19
тел. +7 (7172) 976276
www.kmg.kz
цитата соңы
[2013-01-30]