"Казкоммерцбанк" АҚ (Қазақстан) халықаралық стандарттар бойынша карточкалық төлем жүйелері қауіпсіздігінің аудиті сәтті аяқталғандығын хабарлады

30.01.13 16:49
/KASE, 30.01.13/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған "Казкоммерцбанк" АҚ (Алматы), биржаға (KASE), 2013 жылдың 30 қаңтарындағы баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы Казкоммерцбанк өзінің Visa Inc., MasterCard, American Express және басқа халықаралық төлем жүйелерімен қабылданған PCI DSS v.2.0 төлем карталарының ақпараттық қауіпсіздік стандартына сәйкестігін растады. PCI DSS (Payment Card Industry Data Security Standard) стандарты - ірі халықаралық төлем жүйелерімен құрылған, PCI SSC (Payment Card Industry Security Standards Council) төлем карточкалар индустриясының қауіпсіздігі стандарттары жөніндегі Кеңеспен белгіленген халықаралық қауіпсіздік стандарты. Стандарт төлем карталарымен операцияларды жүзеге асыратын ұйымдар үшін әзірленген және карта ұстаушылардың деректерін сақтау, өңдеу және беру процесін жоғары деңгейде бақылау арқылы алаяқтық әрекеттердің алдын алуға арналған. Казкоммерцбанкті PCI DSS v.2.0 төлем карталарының халықаралық қауіпсіздік стандартының талаптарына сәйкестігі бойынша сертификаттауға дайындық және оны өткізу осы саладағы көшбасшылардың бірі, ІТ- қауіпсіздігі саласындағы Дания консалтинг компаниясы -FortConsult A/S қатысуымен жүргізілді. Казкоммерцбанк пен FortConsult A/S мамандары PCI DSS v.2.0 стандартының талаптарына сәйкес банктің ақпараттық инфрақұрылымын жүргізу бойынша жобаны іске асыру барысында көптеген технологиялық және ұйымдық күрделі мәселелерді бірлесіп шешті. Аудитке дайындық жүргізу бірнеше кезеңдерден тұрды, дайындық барысында: стандарт талаптарына сәйкестігін алдын ала бағалау, анықталған сәйкессіздіктерді жою, PCI DSS талаптарына сәйкестігіне қорытынды аудит жүргізілді. цитата соңы осы баспасөз хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында: - қазақ тілінде - http://www.kase.kz/files/emitters/KKGB/kkgb_reliz_300113_kz.pdf; - орыс тілінде - http://www.kase.kz/files/emitters/KKGB/kkgb_reliz_300113.pdf; - ағылшын тілінде - http://www.kase.kz/files/emitters/KKGB/kkgb_reliz_300113_e.pdf мекен- жайынан танысуға болады. [2013-01-30]