"Досжан темір жолы" АҚ (ДТЖ)" (Қазақстан) өзінің KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, DTJLb1) облигациялары бойынша7-ші купонын бойынша қарыздарын жартылай төлегені туралы хабарлады

30.01.13 12:47
/KASE, 30.01.2013/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Досжан темір жолы" АҚ (ДТЖ)" (Алматы, бұдан әрі цитатада – "ДТЖ") KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, KASE ресми тізімі, "буферлік санат" санаты, DTJLb1; 1 000 теңге, 30,0 млрд теңге; 02.08.05 – 02.08.28, инфляция деңгейі бойынша индекстелген жылдық купон, ағымдық купондық кезеңге жылдық 5,45 %, 30/360) инфрақұрылымдық облигациялары бойынша Қазақстан қор биржасына ресми хатпен өзінің жетінші купондық сыйақы бойынша қарыздарын жартылай өтеу туралы хабарлады. Аталған хатта "Досжан темір жолы" АҚ (ДТЖ)" мынандай мәліметтерді ұсынды: "ДТЖ" АҚ 2013 жылдың 28 қаңтарында "АТФБанк" АҚ төлем агенті арқылы жетінші купондық кезеңге барлық облигация ұстаушыларға купондық сыйлық қалдықтарын төлеу бойынша 3% көлемінде купондық сыйақыны жартылай төленгені туралы хабарлады. "АТФБанк" АҚ 2013 жылдың 28 қаңтардағы #20.15/3168 хатпен "ДТЖ" АҚ облигацияларын ұстаушыларға 77 548 248,75 (жетпіс жеті миллион бес жүз қырық сегіз мың екі жүз қырық сегіз) теңге, 75 тиын мөлшерінде сыйақы төленгенін хабарлады. Аталмыш баспасөз хабарламасының толық нұсқасымен орыс тілінде KASE веб-сайтының http://www.kase.kz/ru/news/show/1184357 мекен-жайынан танысуға болады. [2013-01-30]