KASE таңертеңгілік сессиясы: USDKZT_TOD = 150,82 (+0,01), EURKZT_TOD – ұсыным 203,79
30.01.13 11:16
/KASE, 30.01.13/ – Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0
теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ долларымен, есептесуі T+0 теңге
(EURKZT_TOD) және есептесуі Т+0 теңге еуро (EURUSD_TOD) бойынша
таңертеңгілік сессиясы аяқталды. Аталмыш қаржы құралдарына осы сессия
негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының
21 мүшесі қатысты.
Есептесуі T+0 теңгемен орташа сараланған АҚШ долларының бағамы
бір долларға 150,82 теңгені (+0,01 тенге), ал сауда-саттық көлемі –
121 600 мың АҚШ долларын (-2 300 мың USD) құрады.
Есептесуі T+0 теңгемен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессия
жабылу сәтіне баға белгілеулер тіркелген жоқ.
Есептесуі T+0 АҚШ долларымен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ.
Сессия жабылу сәтіне баға белгілеулер тіркелген жоқ.
Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік
сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік
сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе
олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.
[2013-01-30]