"ҚАЗЭКСПОРТАСТЫқ Холдингі" АҚ өзінің KZ2C0Y05E065 (KZ2C00001634, KASTb3) облигациялары бойынша 3-ші купонын төлеуі туралы хабарлады

29.01.13 10:38
/KASE, 29.01.13/ – "ҚАЗЭКСПОРТАСТЫҚ Холдингі" АҚ (Астана) 2013 жылдың 28 қаңтарында өзінің KZ2C0Y05E065 (KZ2C00001634, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, KASTb3) облигациялары бойынша үшінші купондық сыйақысын төлеуі туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлап, ресми хат жолдады. Аталмыш хабарламаға сәйкес, төленген сыйақының сомасы 1 596 749 225 теңге құрады. [2013-01-29]