"ПАВЛОДАРЭНЕРГО" АҚ (Қазақстан) өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2013 жылдың 01 қаңтарындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін биржаға ұсынды

28.01.13 16:34
/KASE, 28.01.13/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ПАВЛОДАРЭНЕРГО" АҚ (Павлодар, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілім жүйесінің 2013 жылдың 01 қаңтарындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған (тек KZ1C49190016, KZ1С00000611 жай акциялары) акцияларының жалпы саны 200 000 000 дана; - компанияның 166 639 957 акциясы орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Орта Азиялық электрэнергетикалық корпорациясы" АҚ (Алматы) болып табылады. [2013-01-28]