ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ "КАЗТРАНСОЙЛ" АҚ АКЦИЯЛАРЫН ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЛАРЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛАУЫНА ШЕКТЕУ ҚОЮДЫ ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН ХАБАРЛАДЫ

25.01.13 18:04
/ИНТЕРФАКС-КАЗАХСТАН, Алматы, KASE тақырыптамасы, 25.01.13/ – Қазақстан Ұлттық банкі "КазТрансОйл" АҚ ("Халықтық IPO" бағдарламасы аясындағы бірінші эмитент) акцияларын жинақтаушы зейнетақы қорлары сатып алуға шектеу қоюды тоқтату туралы "Самұрық-Қазына" мемлекеттік қоры төрағасының орынбасары Қуандық Бишімбаев хабарлады. Өзінің Facebook -тағы бетінде "Бүгін Ұлттық банк ҚазТрансойл акцияларын 750-850 теңге бағамен ЖЗҚ сатып алуға шектеулерді тоқтатты" деп жазды. Өткен бейсенбіде Қазақстан Ұлттық банкі жинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін басқарушыларға хабарлама шығарды, оған сәйкес мемлекеттік емес БҚ зейнетқаы қорларын инсестициялауға мораторий жариялау туралы хабарлама шығарды. Ұлттық банктің тиісті хабарламасы 2013 жылдың 24 қаңтарынан бастап бірыңғай зейнетақы қорлары құрылғанға дейін күшінде болады. Сонымен, құжата сәйкес зейнатақы активтері алғашқы орналастыру аясында, кері репо операцияларын жүргізу және аффинирленген алтын сатып алуүшін, МБҚ сатып алуға ғана пайдаланылады. Мұндай шешім сол күні-ақ бірқатар қазақстандық эмитенттердің акцияларының баға белгілерулерінің төмендеуіне әкеп соқты. Ұлттық банктің осы хабарламасына дейін Қаржы министрлігі мен Ұлттық банк шығарған зейнатқы қорларының активтерін, сондай-ақ үкіметтің кепілдігімен шығарылған бағалы қағаздар, жергілікті атқарушы органдар шығарған облигациялар, "Самұрық-Қазына" мемлекеттік қоры шығарған борыштық бағалы қағаздар, ұлттық банктегі салымдар, халықаралық қаржы институттарының борыштық бағалы қағаздары, шет елдің ұйымдар шығарған жоғары рейтингі бар бағалы қағаздар, Қазақстан қор биржасының ресми тізіміне қосылған кейбір борыштық бағалы қағаздар, жоғары халықаралық рейтингілік бағалауы бар инвестициялық қорлардың пайлары, қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған жылжымайтын мүлік қорлар акциялары, аффинирленген бағалы металдар, ұйымдар шығарған principal protected notesтүрлі туынды құралдар Қазақстанның МБҚ инвестициялауға рұқсат берілген болатын. Қазақстанда осы жылдың басына дейінгі жағдай бойынша 11 ЖЗҚ жұмыс істейді. Республика тұрғындары 16,8 млн адамнан астам, зейнетақы алушылар 1,770 млн адам. Қазақстанда 1998 жылдан бастап жинақтаушы зейнатқаы жүйесі жұмыс істейді. [2013-01-25]