"Еуразиялық банк" АҚ (Қазақстан) MasterCard WorldWide халықаралық төлеу жүйесінің принципиалды мүшесі мәртебесін алғаны туралы хабарлады

25.01.13 11:55
/KASE, 25.01.13/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Еуразиялық банк" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE) 2013 жылдың 24 қаңтарында жолдаған баспасөз- хабарламасында былай деп мәлімдеді: "Еуразиялық банк" АҚ MasterCard WorldWide халықаралық төлеу жүйесінің Принципиалды мүшесі мәртебесін алып, MasterCard және Maestro сияқты сауда-маркалары бойынша карточкаларды шығаруға және қызмет көрсетуге лиценция алды. Сондай-ақ Банк MasterCard PayPass контактсыз карталарына қызмет көрсетуге лицензия алды. Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында Еуразиялық банк MasterCard WorldWide талаптарына сәйкестік бойынша техникалық сертификаттау үдерісінен өтеді. 2013 жылдың екінші жарты жылдығынан бастап Банк MasterCard және Maestro карталарын шығару және оларды қолдануымен операцияларды қабылдау және өңдеуді жүзеге асыра бастайды. Бұл ретте, Банк MasterCard карталарына қызмет көрсетіп және эмиссиялап қщана қоймай, сондай-ақ өзінің үдерістік орталығында MasterCard WorldWide жүйесінде аффилиирленген мүшелік ететін банктерге де қызмет көрсетуге құқылы болады. 2000 жылдан бастап Еуразиялық банк басқа да– "VISA International" халықаралық төлеу жүйесінің қатысушысы болып табылады. 2013 жылдың 22 қаңтарындағы жағдай бойынша Еуразиялық банктің эмиссиялаған белсенді VISA дебиттік карталарының саны 207 732, несиелік – 1209 дананы құрады. "Еуразиялық банк" АҚ Баспасөз қызметі тел. +7 (727) 259 95 99 (вн.4802) Malika.Buldekbayeva@eubank.kz www.eubank.kz [2013-01-25]