Бүгін Қазақстан қор биржасында "Эксимбанк Қазақстан" АҚ (Қазақстан) KZP03Y07C299 (KZ2C00000719, EXBNb3) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттықтар өткізіледі

25.01.13 10:23
/KASE, 25.01.13/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде "Эксимбанк Казахстан" АҚ (Алматы) KZP03Y07C299 (KZ2C00000719, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасы, EXBNb3; 100 теңге, 10,0 млрд теңге; 13.07.08 – 13.07.15, құбылмалы жарты жылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 8,00 %, 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі. Аталмыш облигациялардың шығарылымы "Эксимбанк Казахстан" АҚ, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетімен 2006 жылдың 12 қазанында 30,0 млрд теңге сомасына тіркеген, бірінші облигациялық бағдарламасының бірінші шығарылымы болып табылады. Арнайы мамандандырылған сауда-саттықта сатушысы "Сентрас Секьюритиз" АҚ (Алматы) болады. Орналастырудың жарияланған көлемі KZP03Y07C299 облигациясының 20 000 000 данасын (осы шығарылымның ржарияланған облигациялардың жалпы көлемінен 20,0 %) құрайды. Арнайы мамандандырылған сауда-саттық KASE сауда-саттық жүйесінде Алматы уақыты (ALT) 11:30-дан 14:30-ға дейін өткізіледі. Бағалы қағаздың сауда-саттықтағы коды – EXBNb3. Сатып алушы кесімді бағаны сауда-саттық күні ALT 16:00-ге дейін анықтайды. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздарды сатып алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төлейтін ақшаның "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" акционерлік қоғамындағы корреспондеттік есеп-шотында 16:00-де ALT (Т+0) бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сауда-саттыққа тек KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген, шектелімді өтінімдер ғана қабылданады. Өтінімде көрсетілетін баға ретінде, үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін дәлдікпен көрсетілген, бағалы қағаздың атаулы құнынан пайызбен (жинақталған сыйақысысыз) көрсетілген, облигацияның "таза" бағасының мәні белгіленуі тиіс. Қаржы құралының саны ретінде өтінімде лоттар саны көрсетілуі тиіс. Лот көлемі – 1 000 облигация Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген лоттар санынан шыға отырып, бағалы қағаздардың теңгемен жиынтық номиналды құны көрсетілуі тиіс. Мәміле көлемі Облигациялардың кірістілігін және облигациялармен жасалған мәмілелелердің сомаларын есептеу Әдістемесінің 3 тарауы 14 бабына сәйкес есептеледі, осы Әдістеме http://www.kase.kz/files/normative_base/bond_yield.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. Сатып алу өтінімдерін қанағаттандыру тәсілі – кесімді бағаға тең өтінім бағалары бойынша немесе сатушыға ұтымдырақ болы табылатын баға бойынша. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасымен http://www.kase.kz/files/emitters/EXBN/exbnf9b3_2009.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады. Сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида http://www.kase.kz/files/normative_base/methods.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. [2013-01-25]