"Альянс Банк" АҚ (Қазақстан) өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2013 жылдың 01 қаңтарына үзінді көшірмесін биржаға ұсынды
23.01.13 16:40
/KASE, 05.10.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Альянс Банк" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк) биржаға
өзінің акционерлерінің тізілім жүйесінің 2013 жылдың 01 қаңтарындағы
жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- банктің жарияланған KZ1C40310019 жай акцияларының жалпы саны
20 000 000 дана, артықшылықты KZ1P40310115 акциялар саны –
3 000 000 дана;
- банктің 13 637 563 жай акциясы және банктің 2 619 626 артықшылықты
акциясы орналастырылған;
- банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан
көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген тұлға "Самұрық-
Қазына" Қлттық әл-ауқат қоры" АҚ (Астана) болып табылады, оның
иелігінде банктің 10 892 274 акциясы (банктің орналастырылған
акцияларының жалпы санында 67,00 %), соның ішінде банктің 9 137 195
жай акциясы (банктің орналастырылған жай акцияларының жалпы
санында 67,00 %) және банктің 1 755 079 артықшылықты (банктің
орналастырылған артықшылықты акцияларының жалпы санында
67,00 %) бар:
[2013-01-23]