"Цеснабанк" АҚ (Қазақстан) өзінің KZP04Y07C362 (KZ2C00001642, TSBNb10) облигациялары бойынша үшінші купонын төлегені туралы хабарлады

22.01.13 16:41
/KASE, 22.01.13/ – "Цеснабанк" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) ұсынған ресми хатында 2013 жылдың 14 қаңтарында өзінің KZP04Y07C362 (KZ2C00001642, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, TSBNb10) облигациялары бойынша үшінші купондық сыйақысын төлегені туралы хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес, төленген сыйақының сомасы 159 960 000 теңгені құрады. [2013-01-22]