"Цеснабанк" АҚ (Қазақстан) өзінің KZP03Y03C363 (KZ2C00001584, TSBNb9) облигациялары бойынша үшінші купонын төлегені туралы хабарлады

22.01.13 16:40
/KASE, 22.01.13/ – "Цеснабанк" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) ұсынған ресми хатында 2013 жылдың 18 қаңтарында өзінің KZP03Y03C363 (KZ2C00001584, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, TSBNb9) облигациялары бойынша үшінші купондық сыйақысын төлегені туралы хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес, төленген сыйақының сомасы 120 149 700 теңгені құрады. [2013-01-22]