"Темірбанк" АҚ (Қазақстан) өзінің KZP01Y17B559 (KZ2C00000032, TEBNb6) облигациялары бойынша 14-ші купонын төлегені туралы хабарлады
21.01.13 16:54
/KASE, 21.01.13/ – "Темірбанк" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына
(KASE) ұсынған ресми хатында 2013 жылдың 18 қаңтарында өзінің
KZP01Y17B559 (KZ2C00000032, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар
борыштық бағалы қағаздар" санаты, TEBNb6) облигациялары бойынша 14-ші
купондық сыйақысын төлегені туралы хабарлады.
Аталмыш хабарламаға сәйкес, төленген сыйақының сомасы
92 860 188,50 теңгені құрады.
[2013-01-21]