2013 жылдың 19 ақпанында "KazTransCom" АҚ (Казахстан) акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болады

22.01.13 16:10
/KASE, 22.01.13/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "KazTransCom" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания), 2013 жылдың 19 ақпанында сағат 10:00 компания акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болатыны туралы биржаға хабарлады, аталмыш жиналыстың күн тәртібінде: - Компания Директорлар кеңесінің өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату; - Компания сандық құрамын анықтау, оның мүшелерін сайлау және олардың өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ компания Директорлар кеңесі мүшелеріне сыйақы төлеу шарттары мен мөлшерін анықтау; Аталмыш жиналыс өтетін мекен-жайы: Алматы қ., Радостовец көш., Жамбыл көш. қиылысы, 69/204а. Жиналысқа қатысушылардың тіркеуі сағат 09:50-де басталады. Осы жиналысқа қатысу құқығы бар акционерлердің тізімі 2013 жылдың 16 қаңтарындағы жағдай бойынша құрастырылатын болады. Кворум жиналмаған жағдайда компания акционерлерінің қайталама жиналысы 2013 жылдың 20 ақпанында сол уақытта жоғарыда аталған мекен-жай бойынша өткізіледі. Акционерлер аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелердің материалдарымен Алматы қ., Радостовец көш., Жамбыл көш. қиылысы, 69/204а мекен-жайы бойынша тел.: (727) 237 73 60 арқылы танысуына болады. [2013-01-22]