KASE IS2IN жүйесінде электорндық сандық қол қоюды пайдалану бойынша биржа мүшелеріне арнап семинар өткізді

21.01.13 17:56
/KASE, 22.01.2013/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) бағалы қағаздар эмитентімен электрондық сандық қол қоюды арнайы "IS2IN" ("ISSUERS TO INVESTORS") жүйесінде пайдалану бойынша оқыту семинарын өткізді. Семинар KASE мүшелеріне арнап 2013 жылдың 15, 16 және 17 қаңтарында өткізілді. Шараға 40 компаниядан 75 адам қатысты. Қазіргі уақытта "IS2IN" жүйесін листинг компаниялары өз құжаттарын (кезеңдік қаржылық есептерді,жиналыс хаттамаларын, бағалы қағаздардың шығарылым аңдатпасын т.б.) биржаға қағаз түрінде емес автоматты түрде жіберу үшін қолданады. [2013-01-22]