/ҚАЙТАЛАУ/ 17 қаңтарда биржада "SAT & Company" АҚ (Қазақстан) KZ1C54620014 (KZ1C00000553, SATC) жай акцияларын сатып алу бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттығы өткізіледі

16.01.13 10:10
/KASE, 16.01.13 - 03.01.13 жаңалықты қайталау/ – 2013 жылдың 17 қаңтарында KASE сауда-саттық жүйесінде "SAT & Company" АҚ (Алматы) KZ1C54620014 (KZ1C00000553, KASE ресми тізімі, бірінші санат, SATC) жай акцияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі деп Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды. Арнайы мамандандырылған сауда-саттықта сатып алушысы "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы "BCC Invest" АҚ (Алматы) болып табылады. "SAT & Company" АҚ жай акцияларының осы кездегі жарияланған және орналастырылған жалпы саны 1 200 820 395 дана. Сатып алушы қағаздардың айтылмыш санынан 15 000 000 акцияны (орналастырылған жай акциялардың 1,25 %) сатып алуды көздейді. Арнайы мамандандырылған сауда-саттық KASE сауда-саттық жүйесінде Алматы уақытымен (ALT) 13:30-дан 15:00-ге дейін өткізіледі. Бағалы қағаздың сауда-саттықтағы коды – SATC. Сатып алушы кесімді бағаны ALT 16-00-ге дейін анықтайды. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырылады. Есептесу жүргізілетін күні өтінімді қанағаттандыру сәтінде аталмыш акциялардың сатушылары бағалы қағаздардың "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ-ндағы өз есеп-шоттарында бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Бағалы қағаздарды сатып алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төлейтін ақшаның "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ-ндағы тиісті есеп-шотында сағат 16:00-ге (Т+0) дейін бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сауда-саттыққа тек KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген, шектелімді және нарықтық өтінімдер ғана қабылданады. Өтінімде көрсетілетін баға ретінде, үтірден кейінгі екінші таңбасына дейін дәл көрсетілген, бір артықшылықты акцияның бағасы теңгемен белгіленуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны сатылатын акциялардың санына тең болуы тиіс. Өтінімнің көлемі сатылатын акциялардың бір акцияның бағасына көбейтіндісіне тең болуы тиіс. Сату өтінімін қанағаттандыру тәсілі – кесімді баға бойынша. Сатып алушы бағасы кесімді бағаға тең немесе бағасы одан төмен өтінімдердің барлығын қанағаттандыра алады. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/ru/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Аталмыш акциялардың шығарылымы туралы нақтырақ ақпараттарды KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/KCEL/kcelf9_2012.pdf мекенжайы бойынша жарияланған: http://www.kase.kz/files/emitters/SATC/satcf9_2007.pdf (аңдатпа); –http://www.kase.kz/files/emitters/SATC/satcf9_izm_300107.pdf (2007 жылы 30 қаңтарда тіркелген аңдатпаға өзгертулер); –http://www.kase.kz/files/emitters/SATC/satcf9_izm_100407.pdf (2007 жылғы 10 сәуірде тіркелген аңдатпаға өзгертулер); –http://www.kase.kz/files/emitters/SATC/satcf91c_izm.pdf (2008 жылғы 29 желтоқсандағы аңдатпаға өзгертулер мен толықтырулар); –http://www.kase.kz/files/emitters/SATC/satcf9_izm_290710.pdf (2010 жылғы 29 шілдедегі аңдатпаға өзгертулер мен толықтырулар); –http://www.kase.kz/files/emitters/SATC/satcf9_izm_041111_.pdf (2010 жылғы 04 қарашадағы аңдатпаға өзгертулер мен толықтырулар). [2013-01-16]