"Golden Compass Capital" АҚ KZ2C0Y07E392 (KZ2C00001956, GLDCb1) облигациялары "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша 10 қаңтардан бастап KASE ресми тізіміне енгізілді

10.01.13 10:45
/KASE, 10.01.13/ – Бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2012 жылдың 26 желтоқсандағы шешімімен "Golden Compass Capital" АҚ (Алматы) KZ2C0Y07E392 (KZ2C00001956, 1 тенге, 8,0 млрд тенге; 10.01.13 – 10.01.20, жылдық купон, жылдық 12,00 %, 30/360) облигациялары KASE ресми тізіміне "Рейтингтік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді. Листингтік комиссиясының бұл шешімі, эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағына орындауына байланысты Листингілік комиссияның шешімі 2013 жылдың 10 қаңтарынан бастап өз күшіне енді. "Golden Compass Capital" АҚ аталған шығарылым облигацияларының қаржылық кеңесшісі және ұстаушы өкілдері "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы "BCC Invest" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш жай акцияларға GLDCb1 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Осы акциялардың шығарылымы туралы толық ақпарат KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/gldc мекен-жайы бойынша жарияланады. [2013-01-10]