Бүгін биржада "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Қазақстан) KZP01Y03D951 (KZ2C00001352, AGKKb2) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттығы өткізіледі

10.01.13 09:44
/KASE, 10.01.13/ – Бұрын хабарлағандай, бүгін Қазақстан қор биржасының KASE сауда-саттық жүйесінде "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Астана) KZP01Y03D951 (KZ2C00001352, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, AGKKb3; 1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 29.06.11 – 29.06.14; жылдық 8,00 %, жарты жылдық купон, 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі. Қазақстан Республикасы қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 2001 жылдың 18 наурызында жалпы сомасы 6,0 млрд.теңгеге тіркелген, аталған акцияларды шығару "Аграрлық несие корпорациясы"АҚ бірінші облигациялық бағдарламасы аясында екінші және биржада листинг процедурасынан өткен аталған эмитенттің "ішкі" облигацияларының үшінші шығарылымы болып табылады Арнайы мамандандырылған сауда-саттықта сатушысы "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы - BCC Invest" (Алматы) болады. Орналастырудың жарияланған көлемі KZP02Y03D959 облигациясының (осы шығарылымның тіркелген облигацияларының жалпы санынан 16,7 %) 200 000 данасын құрайды Арнайы мамандандырылған сауда-саттық KASE сауда-саттық жүйесінде Алматы уақыты (ALT) 11:30-дан 15:00-ге дейін өткізіледі. Бағалы қағаздың сауда-саттықтағы коды – AGKKb3. Сатып алушы кесімді бағаны сауда-саттық күні ALT 16:00-ге дейін анықтайды. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздарды сатып алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төлейтін ақшаның "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ-ндағы корреспондеттік есеп-шотында 15:00-де ALT (Т+0) бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сауда-саттыққа тек KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген, шектелімді өтінімдер ғана қабылданады.Өтінімдерді қанағаттандыру дәрежесі - – 70 %. Өтінімде көрсетілетін баға ретінде, үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін дәл көрсетілген, бағалы қағаздың атаулы құнын пайызбен көрсетілген, облигацияның "таза" бағасы (жиналған мүддені есептемегенде) белгіленуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны лоттар санына тең болуы тиіс. Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген лоттар санының теңгемен көрсетілген бағалы қағаздардың жиынтық номиналды құны көрсетілуі тиіс. Мәміленің көлемі, http://www.kase.kz/files/normative_base/bond_yield_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған Облигациялар кірістілігін және облигациялармен жасалатын мәмілелер сомасын есептеу әдістемесінің 3 тарауының 14 бабына сәйкес есептеледі. Сатып алу өтінімдерін қанағаттандыру тәсілі – кесімді бағаға тең. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасымен http://www.kase.kz/files/emitters/SKEN/skenf9b1_2009.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады. Сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида http://www.kase.kz/files/normative_base/methods.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. [2013-01-10]