Биржаға SUNKAR RESOURCES PLC КОМПАНИЯСЫ (Біріккен Королдігі) операциялық есебін ұсынды

09.01.13 12:52
/KASE, 09.01.13/ – SUNKAR RESOURCES PLC (Лондон) GB00B29KHR09 (KASE ресми тізімі, үшінші санат, GB_SKRS) жай акцияларын шығарудың бастамашысы болып табылатын "JAZZ CAPITAL" Брокерлік үйі" АҚ (Алматы), қазақстан қор биржасына (KASE) 2013 жылдың 04 қаңтарында SUNKAR RESOURCES PLC операциялық есебін ұсынды, онда төмендегі жағдайлар хабарланған: цитата басы Sunkar Resources plc. Компаниясы (Лондон) төмендегі операциялық есебін ұсынды. "AsiaCredit Bank" АҚ ("АзияКредит Банк") несие желісінен алу "Темір-Сервис" ЖШС ("Темір"), Sunkar Resources plc компнаиясының 100% еншілес компаниясы Қазақстандағы екінші деңгейдегі коомерциялық банк АзияКредит Банк несие желісінен ("Қарыз") алуды мақұлдады. Қарыз 3 жылға дейінгі мерзімде қарыздық қаржыландыру мүмкіндігін ұсынады. Қарыз бойынша пайыздық мөлшерлеме жылдық 9,5% құрайды. Пайызын төлеу ай сайын қарыз мерзімі бойынша төленеді. Компания қарыз қаражатын АТФ Банк алдындағы 1 749 000 АҚШ доллары көлеміндегі қарызын толық өтеуге жұмсауды, сондай-ақ компанияның айналым капиталын толықтыруды көздеп отыр. Компанияның қарызы сәйкесінше жылдық 14%-дан 9,5%-ға дейін азайды. цитата соңы Аталған есеппен KASE веб-сайтында: - орыс тілінде – http://www.kase.kz/files/emitters/GB_SKRS/gb_skrs_reliz_090113.pdf; - ағылшын тілінде – http://www.kase.kz/files/emitters/GB_SKRS/gb_skrs_reliz_090113_en.pdf – мекен-жайынан танысуға болады. [2013-01-09]