"Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "Капитал" Жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (Қазақстан) өзінің Басқармасының құрамы өзгергені туралы хабарлады

04.01.13 17:13
/KASE, 04.01.13/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "Капитал" Жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (Алматы), биржаға жолдаған ресми хатында былай деп мәлімдеді: Қоғамның Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес (28.12.2012 жылғы # 38 хаттама) Қор Басқармасының құрамына (Қордың атқарушы органына), Аймақтық даму департаментінің, Маркетинг департаментінің жұмысын реттейтін Басқарма мүшесі – қоғам Басқармасы Төрағасының Орынбасары лауазымына – Талғатова Анар Жиеналықызы тағайындалды. Сайланған (тағайындалған) күні деп – 03.01.2013 ж. саналсын. [2013-01-04]