"Химфарм" АҚ KZ2C0Y05E370 (KZ2C00001949, CHFMb3) облигациялары "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша 04 қаңтардан бастап KASE ресми тізіміне енгізілді

04.01.13 11:59
/KASE, 04.01.13/ – Бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2012 жылдың 26 желтоқсандағы шешімімен "Химфарм" АҚ (Шымкент) KZ2C0Y05E370 (KZ2C00001949, 1 000 тенге, 10,0 млрд тенге; 04.01.13 – 04.01.18, жартыжылдық купон, жылдық 8,00 %, 30/360) облигациялары KASE ресми тізіміне "Рейтингтік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді. Листингтік комиссиясының бұл шешімі, эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағына орындауына байланысты Листингілік комиссияның шешімі 2013 жылдың 04 қаңтарынан бастап өз күшіне енді. Аталған шығарылым облигацияларының андеррайтері "VISOR Capital" АҚ (ВИЗОР Капитал) (Алматы) болып табылады. Аталған шығарылым облигацияларының ұстаушы өкілдері "Сентрас Секьюритиз" АҚ (Алматы) болып табылады. "Химфарм" АҚ (Алматы) тіркеушісі "Бағалы қағаздардың тіркеу жүйесі" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш жай акцияларға CHFMb3 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Осы акциялардың шығарылымы туралы толық ақпарат KASE веб-сайтында 04 қаңтарда http://www.kase.kz/ru/emitters/show/chfm мекен-жайы бойынша жарияланады. [2013-01-04]