28 желтоқсанда KASE сауда-саттық жүйесінде "RG Brands" АҚ (Қазақстан) 750,0 мың KZ1P46310119 (KZ1P00000509, RGBRp) артықшылықты акцияларын сатып алынды

28.12.12 09:10
/KASE, 28.12.12/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде "RG Brands" АҚ (Алматы) KZ1P46310119 (KZ1P00000509, KASE ресми тізімі, екінші санат санаты, RGBRp) артықшылықты акцияларын сатып алу бойынша арнайы мамандандырылған сауда- саттық өткізілді. Мамандандырылған сауда-саттықта уәкілетті сатып алушы ретінде "RESMI" Инвестициялық қаржы Үйі" АҚ (Алматы) қатысады. "RG Brands" АҚ артықшылықты акцияларының қайта сатып алуға жарияланған көлемі 1 200 000 дана, орналастырылғаны – 789 500 дана. Сатып алушы орналастырылған артықшылықты акцияларды 100 % дейін сатып алуды көздейді. Арнайы мамандандырылған сауда-саттық KASE сауда-саттық жүйесінде Алматы уақытымен (ALT) 11.30-дан 13:00-ге дейін жабық тәсілмен өткізілді. Сауда-саттыққа тек шектелімді өтінімдер ғана қабылданады. Сату өтінімдерін қанағаттандыру тәсілі – кесімді баға. Есептесу сызбасы - Т+0. Сауда -саттыққа 750 500 акцияны сатуға өтінім берген биржаның екі мүшесі қатысты. Екі өтінім де өтінім беру уақыты аяқталған сәтте белсенді болып қалды. Сонымен, сауда-саттықта ұсыным сұранымның 95,1 % құрады. Белсенді өтінімдердегі берілген бағалар бір акцияға 2 100,60 және 2 081,65 теңгені құрады, орташа сараланған мәні 2 081,66 теңге. Зейнетақы нарығының жалпы көлеміне 99,9 %, брокерлік-дилерлік компания клиентінің үлесіне – 7,0 % тиді. Сауда-саттық нәтижелері бойынша сатып алушы бір ғана өтінімді қанағаттандырып, кесімді бағаны 2 081,65 теңге көлемінде белгіледі. Мәміле сомасы - 1 561 237 500,00 теңге. "Бағалы қағаздардың орталық депозитариі" АҚ (Алматы) мәліметтері бойынша осы ақпарат жарияланған сәтте мәміле толық орындалды. [2012-12-28]