"КМК Мұнай" АҚ (Қазақстан) 652 282 KZ1C51440010 (KZ1C00000215, LNPT) жай акциясын "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ сатып алуды көздегені туралы хабарлады
28.12.12 17:36
/KASE, 28.12.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "КМК Мұнай" АҚ (Ақтөбе), биржаға жолдаған ресми
хатында былай деп мәлімдеді:
"KMK Мунай" АҚ (LNPT)... 2012 жылдың 26 желтоқсанында "СНПС-
Ақтөбемұнайгаз" акционерлік қоғамынан қайталама нарықта компанияның
дауыс беретін акцияларының отыз және одан көп пайызын сатып алуды
көздегені туралы хабарлама алғаны туралы хабарлайды.
Аталған Хабарламаға сәйкес, "СНПС- Ақтөбемұнайгаз" АҚ "КМК Мұнай"
акционерлік қоғамының 652 282 дауыс беретін акциялары сатып алуды
көздеді, бұл компанияның дауыс беретін акцияларының 50% плюс 1
акциясын құрайды. Сатып алудың болжамды бағасы – 1 акцияға 26 356,59
теңгені құрайды.
[2012-12-28]