28 желтоқсан күні Қазақстан қор биржасында Еуразиялық даму банкі (Қазақстан) өзінің 9,9 млрд KZP01Y05E384 (EABRK281217) облигациясын жылдық 6,25% орналастырды

28.12.12 17:12
/KASE, 28.12.12/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Еуразиялық даму банкі өзінің KZP03Y03C363 (KASE ресми тізімі, "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" скеторы, EABRK281217; 1 000 теңге, 9,9 млрд теңге; 28.12.12 – 28.12.17; жарты жылдық купон; 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы- мамандандырылған сауда-саттық өтті. Аталмыш облигациялар шығарылымы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі 2012 жылдың 11 желтоқсанында 150,0 млрд теңге сомасына тіркеген, Еуразиялық даму банкінің бірінші облигациялық бағдарламасы шегінде шығарылған бірінші шығарылымы болып табылады. Арнайы-мамандандырылған сауда-саттықта сатушы ретінде "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) болады. Эмитент сауда-саттықта 20 000 000 KZP01Y05E384 облигациясын орналастыруды жоспарлаған. Бағалы қағаздың номиналды құнының үтірден кейін төртінші таңбасына дейін дәл көрсетіліп, пайызбен берілген облигациялардың "таза бағасы" (жиналған сыйақыны есептемегенде) сауда-саттықтың мәні болды. Орналастыруға қатысу туралы өтінімдер жабық әдіспен алматы уақытымен (ALT) 11:30 бастап 13:00 дейін берілді. Сауда-саттыққа тек нарықтық және шектелімді өтінімдер ғана қабылданды. Сатып алу туралы өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі – кесімді баға бойынша. Есептесу схемасы – Т+0. Сауда-саттыққа KASE жеті мүшесі қатысты, олар 15 өтінім берді, солардың ішінде 15 500 000облигация сатып алуға берілген 13 өтінім өтінімдер қабылдау кезеңінінің аяқталу сәтінде белсенді болып қалды. Осылайша, сауда-саттықтағы сұраныс ұсыныстың 77,5 % құрады. Берілген өтінімдердегі купон мөлшерлемесі жылдық 6,00-ден 7,00 %-ға дейін құбылып, орташа сараланған мәні сатып алушы үшін өтелуіне жылдық 6,41 % тең болды. Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінің 93,6 % зейнетақы нарығы субъектілерінің үлесіне, 0,1 % - брокерлік-дилерлік компаниялардың үлесінде, ал 6,3 % - брокерлік-дилерлік компаниялардың клиенттерінде болды. Сауда-саттықтың нәтижелері бойынша эмитент кесімді бағаны 6,25 % деңгейінде бекітіп, 9 900 000 облигациясын орналастырды. Тартылған сома 9 900 000 000,00 теңгені құрады. "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) мәліметтері бойынша, осы ақпаратты жариялау сәтіне барлық мәмілелер орындалды. Орналастырылған облигациялардың жалпы көлемінің 90,9 % - зейнетақы нарығы субъектілерінің үлесіне, 0,2 % - брокерлік-дилерлік компаниялардың үлесінде, ал 8,9 % - брокерлік-дилерлік компаниялардың клиенттерінде болды. [2012-12-28]