28 желтоқсан ALT 16:30 бастап KASE қайталама нарық секторында Еуразиялық даму банкі АҚ (Қазақстан) KZP01Y05E384 (EABRK281217) облигациялары бойынша сауда-саттық ашылды

28.12.12 16:26
/KASE, 28.12.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2012 жылдың 28 желтоқсан күні Алматы уақытымен 16:30- дан бастап KASE қайталама нарық секторында Еуразиялық даму банкінің KZP01Y05E384 (1 000 теңге, 20,0 млрд теңге; 28.12.12 – 28.12.17, жарты жылдық купон, 30/360) облигациялары бойынша сауда-саттық ашылды. KASE сауда-саттық жүйесінде аталмыш облигациялардың баға белгілеуінің дәлдігі облигацияның номиналды құнынан пайызбен көрсетілген "таза бағасының" үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін деп белгіленді. Аталмыш облигациялар бойынша биржада маркет-мейкер міндеттерін "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) атқарады, міндетті баға белгілеудің минималды көлемі 2 000 айлық есептік көрсеткіш. Осы облигацияларға EABRK281217 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) (торговый код) берілді. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторында 2012 жылдың 19 желтоқсанынан бастап айналысқа жіберілген. Аталмыш облигациялар бойынша нақтырақ ақпарат KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/eabr мекен-жайы бойынша жарияланған. [2012-12-28]