"Химфарм" АҚ KZ2C0Y05E370 (KZ2C00001949, CHFMb3) облигациялары биржада "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

27.12.12 10:57
/KASE, 27.12.12/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2012 жылдың 26 желтоқсанындағы шешімімен "Химфарм" АҚ (Шымкент) KZ2C0Y05E370 (KZ2C00001949, 1 000 теңге, 10,0 млрд теңге; 5 жыл, жарты жылдық купон жылдық 8,00 %, 30/360) облигациялары KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді: Листингтік комиссиясының шешімі өз күшіне енген датасы туралы, эмитент KASE "Листингілік ережелер" атты ішкі құжатының 18 бабының 1 тармағында белгіленген шарттарды орындағаннан кейін, қосымша жарияланады. Сондай-ақ, аталмыш облигациялар бойынша KASE сауда-саттық ашылуы туралы қосымша жарияланады. "Химфарм" АҚ қаржылық кеңесшісі "VISOR Capital" (ВИЗОР Капитал) (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигациялардың ұстаушыларының өкілі "Сентрас Секьюритиз" (Алматы) болып табылады. "Химфарм" АҚ тіркеушісі "Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға CHFMb3 қысқартылған белгілері (сауда-саттық кодтары) берілді. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпараттар, айтылмыш Листингтік комиссиясының шешімі өз күшіне енгеннен кейін KASE веб-сайтында жарияланады. [2012-12-27]