/KASE, 26.12.12/ – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) акциялар сауда-
саттығының қорытындысы бойынша 2012 жылдың 26 желтоқсанында KASE
индексінің мәні 15,57 нүктеге (1,61 %) 966,03-тен 950,46-ға дейін
төмендеді
Осы күні жасалған бірінші мәміле индексті 966,03 деңгейінде тіркеді. Сауда-
саттық барысында индекстің максималды мәні 966,74, ал минималдысы –
950,46 құрады.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер
көлемі 26 желтоқсан күні алдыңғы сауда-саттық күнмен салыстырғанда
теңгелік баламамен 23,6 есе төмендеп, 3,0 млн теңгені (19,7 мың USD)
құрады.
Сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE Индексінің есептік базисінің динамикасы
----------------------------------------------------------
Акцияның сауда Соңғы бағасы, Бағаның Индекске
-саттық коды Бір акцияға теңгемен өзгеруі, % "ықпал ету"
--------------------
26.12.12 25.12.12 үлесі, %
-------------- ---------- --------- ---------- -----------
CCBN 187,00 196,00 -4,6 12,6
GB_ENRC 632,00 674,10 -6,2 14,4
GB_KZMS 1 810,00 1 777,00 +1,9 15,7
HSBK 29,96 29,96 0 15,1
KKGB 150,00 150,00 0 12,9
KZTK 13 270,00 13 200,00 +0,5 15,3
RDGZ 16 000,00 16 500,00 -3,0 14,0
----------------------------------------------------------
KASE Индексінің өзгеруі
-------------------------------------------------------------
Өзгеру:
-------------------
----- -------------
Кезең %-бен жылдық %-бен*
----------------------------------------- ----- -------------
Соңғы 30 күнде (бір айда) +0,6 +7,5
Ағымдағы жылдың басынан (01.01.11 бастап) -14,0 -14,2
соңғы 365 күнде (жылда) -12,6 -12,6
2011 жылда -35,7 -35,7
2010 жылдың басынан -46,2 -15,5
-------------------------------------------------------------
* Кірістілік actual/365 базисі бойынша есептелінген.
Белгілі бір күнге KASE Индексінің мәні ретінде, осы күні KASE-де тіркелген
аталмыш индекстің соңғы мәні қолданылады.
KASE Индексінің мәні, осы индексті есептеуге арналған өкілетті тізімге
енгізілген акциялар бағасының, олардың эмитенттерінің капиталған
айналуын және еркін айналыстағы (free float) осы акциялар санын ескеріп,
өзгеруін көрсететінін еске саламыз. Бір атаулы акцияның KASE Индексінің
мәніне ықпалы 15 %-дан аспауы тиіс. KASE Индексінің мәні, осы индексті
есептеу үшін өкілетті тізімдегі атаудағы акциялармен мәміле жасалуына
қарай, сауда-саттық күні бойы есептеледі. Сауда-саттық күні бойы
параметрлері KASE Индексінің мәнін есептеуге қажетті мәмілелер
жасалмаса, осы есептеуді жүзеге асыру мақсатында, соңғы нәтижелі сауда-
саттық сессиясының нәтижелері қолданылады.
KASE веб-сайтындағы KASE Индексі көрсетілген беті
http://www.kase.kz/kz/index_kase мекен-жайы бойынша жарияланған.
Қор нарығының индикаторларын есептеу Әдістемесінің мәтіні
http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met_kaz.pdf мекен-жайы
бойынша жарияланған.
Эмитенттердің атаулары көрсетілген, акциялардың толық сауда-саттық
кодтары
http://www.kase.kz/kz/emitters мекен-жайы бойынша берілген.
[2012-12-26]