25 желтоқсанда "КазТрансОйл" АҚ (Қазақстан) KZ1C29950017 (KZ1C00000744, KZTO) жай акцияларымен биржаның қайталама нарығында сауда-саттық ашылды

25.12.12 17:48
/KASE, 25.12.12/ – Қазақстан қор биржасында (KASE) 2012 жылдың 25 желтоқсанында "Алматы Тауэрс" КК бизнес орталығының ғимаратында "КазТрансОйл" (Алматы) жай акцияларымен KASE қайталама нарығында сауда-саттық ашылды. Ашылу салтанатында спикер ретінде қатысқандар: - "КазТрансОйл" АҚ Даму жөніндегі Бас директорының орынбасары - Б.К. Закиров; - KASE Президенті - Қ. Қ Дамитов ; - KASE Вице-президенті - А.Ю. Цалюк ; "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ ("Казкоммерцбанк" АҚ ЕҰ) Басқармасының төрағасы - Ш.Р.Айнабаева "Promo Group Communications". ЖШС Бас директоры - А.Қарауылова. Сонымен қатар, шараға "КазТрансОйл" АҚ кеңесші өкілдері, UBS AG халықаралық инвестициялық банк өкілдері, "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ ("Казкоммерцбанк" АҚ ЕҰ), "Прайсуотерхаус Куперс Такс энд Эдвайзори" ЖШС, "Promo Group Communications" консалтинг агенттігінің "White&Case Kazakhstan" ЖШС заң компаниясы және "КазТрансОйл" АҚ компаниясының аудиторы - "Эрнст энд Янг" қатысты. Сауда-саттық залда орналасқан мониторда KASE сауда-саттық ақпараты тікелей таратылды. Фото- және бейнематериалдар KASE сайтында "Оқиғалар" бөлімінде таяу уақытта http://www.kase.kz/ru/events мекен-жайында беріледі. [2012-12-25]