/ҚАЙТАЛАУ/ 28 желтоқсан күні Қазақстан қор биржасында Еуразиялық даму банкінің KZP01Y05E384 облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандарндырылған сауда-саттық өткізіледі

25.12.12 11:43
/KASE, 25.12.12 - 21.12.12 жаңалықты қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: 2012 жылдың 28 желтоқсанында KASE сауда- саттық жүйесінде Еуразиялық даму банкінің (Астана) KZP01Y05E384 (KASE ресми тізімі, "халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, 1 000 теңге, 20,0 млрд теңге; 5 жыл, жарты жылдық, осы сауда-саттық нәтижесі бойынша анықталатын, купон, 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі. Аталмыш облигациялардың шығарылымы Еуразиялық даму банкінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетімен 2012 жылдың 11 желтоқсанында 150,0 млрд теңге сомасына тіркеген, бірінші облигациялық бағдарламасының бірінші шығарылымы болып табылады. Арнайы мамандандырылған сауда-саттықта сатушысы "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) болады. Орналастырудың жарияланған көлемі KZP01Y05E384 облигациясының (тіркелген облигациялардың толық көлемі) 20 000 000 данасын құрайды. Арнайы мамандандырылған сауда-саттық KASE сауда-саттық жүйесінде Алматы уақыты (ALT) 11:30-дан 15:00-ге дейін өткізіледі. Бағалы қағаздың сауда-саттықтағы коды – S– EABRK281217. Сатып алушы кесімді бағаны сауда-саттық күні ALT 14:00-ге дейін анықтайды. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздарды сатып алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төлейтін ақшаның "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" акционерлік қоғамындағы корреспондеттік есеп-шотында 14:00-де ALT (Т+0) бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сауда-саттыққа тек KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген, нарықтық және шектелімді өтінімдер ғана қабылданады. Нарықтың өтінімдерді қанағаттандыру деңгейі – 70 %. Өтінімде көрсетілетін баға ретінде, үтірден кейінгі екінші таңбасына дейін дәл көрсетілген, бағалы қағаздың атаулы құнын пайызбен көрсетілген, облигацияның купон мөлшерлемесінің мәні белгіленуі тиіс. Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санынан көрсетілген, облигациялардың жиынтық номиналды құны көрсетілуі тиіс. Мәміленің көлемі, өтінімде көрсетілген, номиналды құнның облигациялар санына көбейтіндісі арқылы анықталады. Сатып алу өтінімдерін қанағаттандыру тәсілі – кесімді баға бойынша. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида http://www.kase.kz/files/normative_base/methods.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасымен http://www.kase.kz/files/emitters/EABR/eabrf9_2012.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2012-12-25]