24 желтоқсан күні биржада өткен "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ (Қазақстан) KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, DTJLb1) облигациясын кері сатып алу бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық жүзеге аспады деп жарияланады

24.12.12 17:58
/KASE, 24.12.12./ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ (Алматы) KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасы, DTJLb1; 1 000 теңге; 30,0 млрд теңге; 02.08.05 – 02.08.28, инфляция деңгейімен индекстелгенжылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 5,45 %; 30/360) инфрақұрылымдық облигацияларын кері сатып алу бойынша арнанайы мамандандырылған сауда-саттық болып өтті. Сауда-саттықта эмитент өзінің KZ2CKY23B672 2 700 000 облигациясын (осы шығарылымның жалпы санынан 9,0 %) кері сатып алуды жоспарлады. Сауда-саттық заты, үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін дәл көрсетілген, бағалы қағаздың номиналды құнын пайызбен көрсетілген, облигацияның "таза бағасы" болды. Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдер жабық тәсілмен алматы уақытымен (ALT) 11:30 бастап 13:00 дейін қабылданды. Сауда-саттыққа тек шектелімді өтінімдер ғана қабылданды. Сатып алу өтінімін қанағаттандыру тәсілі – кесімді бағаға тең немесе сатушы үшін тиімдірек болатын шектелімді қарсылама өтінімдердің бағалары бойынша. Есеп айырысу схемасы – Т+0. Сауда-саттыққа KASE екі мүшесі қатысты, олар 6 696 000 облигацияны сатуға 2 өтінім берді. Екі өтінім де аяқталу кезінде өтінімі белсенді болып қалды. Сауда-саттықтағы ұсыным сұранымнан 2,5 есе асты. Берілген белсенді өтінімдердегі "таза" бағалар 86,1600 % ( жылдық 6,92 %) бастап 100,00 % (жылдық 5,44 %) дейін құбылды, сөйтіп орташа сараланған мәні 90,9732 % (сатып алушының өтеуіне жылдық 6,38 %) құрады. Белсенді өтінімдердің барлық көлемі зейнетақы нарығының үлесіне келді. Берілген өтінімдердің бос ведомостын көрген соң, ұсынылған бағалары күтілетін бағадан жоғары болғандықтан, эмитент оларды қанағаттандырудан бас тартты. Арнайы мамандандырылған сауда-саттықтар жүзеге аспады деп жарияланды. [2012-09-28]