"Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі" АҚ "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" Ұлттық компаниясы" АҚ (Қазақстан) жаңа тіркеушісі болды

21.12.12 17:16
/KASE, 21.12.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) биржаға ресми хатпен өздерінің бағалы қағаздарын тіркеу жүйесін жүргізу қызметіне "Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі" акционерлік қоғамымен 2012 жылдың 14 желтоқсанында келісімшарт жасағандығы туралы хабарлады. [2012-12-21]