29 желтоқсан күні Қазақстан қор биржасында "Қазақстан инжиниринг" Ұлттық компаниясы" АҚ (Kazakhstan Engineering) KZP01Y03E322 (KZ2C00001865, KZENb1) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі

21.12.12 19:06
/KASE, 21.12.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: 2012 жылдың 29 желтоқсанында KASE сауда-саттық жүйесінде Еуразиялық даму банкінің (Астана) KZP01Y03E322 (KZ2C00001865 KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, 100 теңге, 15,0 млрд теңге; 06.11.12 – 06.11.15, жылдық 5,00 % жарты жылдық купон, 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі. Аталмыш облигациялардың шығарылымы Еуразиялық даму банкінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетімен 2012 жылдың 19 қазанында 30,0 млрд теңге сомасына тіркеген, бірінші облигациялық бағдарламасының бірінші шығарылымы болып табылады. Арнайы мамандандырылған сауда-саттықта сатушысы "Қазақстан Финсервис" АҚ (Алматы) болады. Орналастырудың жарияланған көлемі KZP01Y05E384 облигациясының 50 000 000 данасын (осы шығарылымның ржарияланған облигациялардың жалпы көлемінен 33,3 %) құрайды. Арнайы мамандандырылған сауда-саттық KASE сауда-саттық жүйесінде Алматы уақыты (ALT) 11:30-дан 13:00-ге дейін өткізіледі. Бағалы қағаздың сауда-саттықтағы коды – KZENb1. Сатып алушы кесімді бағаны сауда-саттық күні ALT 15:00-ге дейін анықтайды. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздарды сатып алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төлейтін ақшаның "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" акционерлік қоғамындағы корреспондеттік есеп-шотында 15:00-де ALT (Т+0) бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сауда-саттыққа тек KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген, шектелімді өтінімдер ғана қабылданады. Өтінімде көрсетілетін баға ретінде, үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін дәлдікпен көрсетілген, бағалы қағаздың атаулы құнынан пайызбен (жинақталған сыйақысысыз) көрсетілген, облигацияның "таза" бағасының мәні белгіленуі тиіс. Қаржы құралының саны ретінде өтінімде данамен облигациялар саны көрсетілуі тиіс. Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және "таза емес" бағасының (жинақталған сыйақысымен) көбейтіндісі көрсетіледі. Мәміле көлемі Облигациялардың кірістілігін және облигациялармен жасалған мәмілелелердің сомаларын есептеу Әдістемесінің 3 тарауы 14 бабына сәйкес есептеледі, осы Әдістеме http://www.kase.kz/files/normative_base/bond_yield.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. Сатып алу өтінімдерін қанағаттандыру тәсілі – кесімді бағаға тең өтінім бағлары бойынша немесе сатушыға ұтымдырақ болы табылатын баға бойынша. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасымен http://www.kase.kz/files/emitters/KZEN/kzenf9b1_2012.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады. Сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида http://www.kase.kz/files/normative_base/methods.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. [2012-12-24]