"ХАЛЫҚТЫҚ IPO" БАҒДАРЛАМАСЫ ШЕГІНДЕ "ҚАЗТРАНСОЙЛ" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) KZ1C29950017 (KZ1C00000744, KZTO) ЖАЙ АКЦИЯЛАРЫНА ЖАЗЫЛЫМ НӘТИЖЕЛЕРІ

21.12.12 18:20
/KASE, 21.12.12/ – Бұрын хабарланғандай, 2012 жылдың 06 қарашасынан 05 желтоқсанына дейін "Халықтық IPO" үкімет бағдармасы шегінде Қазақстан қор биржасының сауда-саттық жүйесінін арнайы нұсқасында жазылу әдісімен "КазТрансОйл" АҚ (Астана) KZ1C29950017 (KZ1C00000744, KASE ресми тізімі, бірінші санат, KZTO) жай акцияларын бастапқы орналастыру жүргізілді. Жазылым жүргізу барысында сатушы ретінде "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ ("Казкоммерцбанк" АҚ еншілес ұйымы) (Алматы) болып табылды. Орналастырылатын акциялардың саны 38 463 559 дана. Оналастыру бағасы – бір акцияға 725,00 теңгеден. Жазылым нәтижесі бойына есеп айырысу басталатын датасы – 2012 жылдың 20 желтоқсаны. KASE сауда-саттық жүйесінде өтінімдер қабылдау аяқталар сәтте 35 521 өтінім тіркелді, оларды арасынан 34 687 өтінімі биржа, "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ тізілімді тексергеннен және KASE мүшелерімен салыстырып тексергеннен кейін белсенді деп танлды. Жеке тұлғалардан келіп түскен белсенді өтінімдердің саны 34 676 құрады. Осы өтінімдер 34 038 жеке шоттардан берілген. 10 өтінім жинақтаушы зейнетақы қорларынан келіп түсті. Бір өтінімді маркет-мейкер берді. Жазылым жүргізілудегі жинынтық сұраным 59,4 млрд теңгені құрап, акциялардың ұсынымынан 2,1 есе үстем болды. Брокерлік компаниялардан сұраным 22,1 млрд теңгені (ұсынымнан 79,3% ), жинақтаушы зейнетақы қорларының сұранымы – 37,1 млрд теңгені (ұсынымнан 133,2 %) құрады. Орналастыруда KASE қор нарығының 32 мүшесі қатысты. Жазылым нәтижесі бойынша 38 463 559 акцияны сатып алуға барлық белсенді өтінімдер қанағаттандырылды (ұсынылған көлемнің 100 %). Қанағаттандырылған өтінімдердің жиынтық көлемі 27 886 080 275 теңгені құрады. Жеке тұлғалардың шоттарына сомасы 22 044 009 975 теңгеге (орналастыру көлемінен 79,1 %) бағалы қағаздар аударылды, жинақтаушы зейнетақы қорлары жалпы сомасы 5 685 070 825 теңгеге (орналастыру көлемінен 20,4 %) бағалы қағаз сатып алды, қанағаттандырылған маркет-мейкердің өтінімдерінің көлемі 156 999 475 теңгені (ұсынымнан 0,5 %) құрады. Бір жеке тұлғаға максималды рұқсат етілген көлемнен асатын, өтінімдер көлемі (млн теңге немесе 9 655 акция), 481,6 млн теңгені құрады. Осы өтінімдер рұқсат етілген жоғарғы шегі бойынша қанағаттандырылды, яғни, жартылай. Кесім жүргізілгеннен кейін осындай өтінімдер бойынша қанағаттандырылмаған сұранымның көлемі 71,6 лн теңгені құрады. Жеке тұлғалар тарапынан берілген өтінімдердің 76 % көлемі 200 мың теңгеден кем өтінімдер болды. Бір инвесторға рұқсат етілген, максималды жоғарғы шегі бойынша орындалған өтінімдердің саны 976 жетті, ақшалай бұл көрсеткіш 6 831 878 000 теңгеге (орналастыру көлемінен 24,5 %) тең. "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) мәліметтеріне сәйкес, аталған акцияларға жазылым нәтиежелері бойынша осы ақпаратты жариялау сәтіне, барлық жасалған мәмілелер бойынша KASE биржа мүшелеріне биржалық куәліктерін берді. Жазылым аяқталды. Қазақстан қор биржасына орналастырылған акциялардың эмитенті мен олардың маркет-мейкерінен "КазТрансОйл" АҚ жай акцияларының KASE қайталама нарығында 2012 жылдың 25 желтоқсанында сауда-саттық ашу туралы өтініш келіп түсті. [2012-12-21]