28 желтоқсанда биржада "RG Brands" АҚ (Қазақстан) KZ1P46310119 (KZ1P00000509, RGBRp) артықшылықты акцияларын сатып алу бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттығы өткізіледі

20.12.12 15:13
/KASE, 20.12.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2012 жылдың 28 желтоқсанында KASE сауда-саттық жүйесінде "RG Brands" АҚ (Алматы) KZ1P46310119 (KZ1P00000509, KASE ресми тізімі, екінші санат санаты, RGBRp) артықшылықты акцияларын сатып алу бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі деп хабарлайды. Мамандандырылған сауда-саттықта уәкілетті сатып алушы ретінде "RESMI" Инвестициялық қаржы Үйі" АҚ (Алматы) қатысады. Қазіргі уақытта "RG Brands" АҚ артықшылықты акцияларының қайта сатып алуға жарияланған көлемі 1 200 000 дана, орналастырылғаны – 789 500 дана. Сатып алушы орналастырылған артықшылықты акцияларды 100 % дщейін сатып алуды көздейді. Арнайы мамандандырылған сауда-саттық KASE сауда-саттық жүйесінде Алматы уақытымен (ALT) 11.30-дан 13:00-ге дейін өткізіледі. Бағалы қағаздың сауда-саттықтағы коды – RGBRp. Сатып алушы кесімді бағаны сауда-саттық өтетін күннің ALT 15:00-ге дейін анықтайды. Есептесулерді "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ өзінің ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып алушы сатып алынған бағалы қағаздарға төлейтін ақшаның "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ корреспонденттік есеп-шотында 15:00 ALT (Т+0) бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сатушылар бағалы қағаздардың "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ өз есеп- шоттарында ALT 15:00-де болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сауда-саттыққа тек KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген, шектелімді өтінімдер ғана қабылданады. Өтінімдегі баға ретінде үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін дәл беріліп, бағалы қағаздың номиналды бағасына пайыздық қатынаста көрсетілген облигциялардың "таза" бағасы (жинақталған сыйақысын ескермегенде) белгіленуі тиіс. Сату өтінімдерін қанағаттандыру тәсілі – кесімді баға. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/ru/membership мекенжайы бойынша жарияланған. Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасымен http://www.kase.kz/ru/shares/show/RGBRp мекенжайы бойынша танысуға болады. [2011-12-20]