ҚҰБ ҚҚК "БТА Банк" АҚ (Қазақстан) акциялар шығарылымының аңдатпасына өзгертулер мен толықтыруларын тіркеді

20.12.12 12:54
/KASE, 20.12.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "БТА Банк" АҚ (Алматы, бұдан әрі - банк), өзінің акциялар шығарылымының аңдатпасына тіркелген өзгертулері мен толықтыруларының көшірмесін және бұрынғысының орнын басатын 2012 жылдың 11 желтоқсандағы бағалы қағаздар шығарылымының мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігін биржаға ұсынды. Аталмыш құжаттарға сәйкес: - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитеті (ҚҰБ ҚҚК) банктің акциялар шығарылымы аңдатпасына өзгертулер мен толықтыруларды тіркеді; - аталған куәлік банктің жарияланған акцияларының саны артуына байланысты ауыстырылды; - банктің жарияланған жай акцияларының жалпы саны банктің жай акцияларын 1:10 пропорциямен бөлшектеу арқылы арттырылды; - банк жарияланған акцияларының жалпы саны 641 500 788 955 дана, оның ішінде 641 500 688 955 – KZ1C34920013 жай акциялары, 100 000 – KZ1P34920218 артықшылықты акциялары жай акцияларға ауыстырылған; - компания акцияларының шығарылымы Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне А3492 нөмірімен енгізілді; - 2009 жылдың 11 желтоқсандағы жағдай бойынша банк 44 209 411 924 жай акциясы орналастырылды,оның жарғылық капиталы 1 188 070 041 227 теңге көлемінде қалыптасты. Банк акциялар шығарылымының аңдатпасына өзгертулер мен толықтырулар KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/BTAS/btasf9_izm_111212.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. [2012-12-20