Биржада 19 желтоқсаннан бастап, орындалуы 2013 жылдың маусымындағы KASE индексінің мәніне фьючерстің сауда-саттығы ашылды

19.12.12 17:14
/KASE, 19.12.12/ – 2012 жылдың 19 желтоқсанынан бастап орындалуы 2013 жылдың маусымындағы Қазақстан қор биржасында (KASE) мынадай мерзімдік келісімшарттардың сауда-саттығы ашылды: - АҚШ долларының теңгеге бағамына есеп айырысу фьючерсі; - KASE индексінің мәніне есеп айырысу фьючерсі - EURASIAN NATURAL RESOURCES CORPORATION PLC (Лондон) GB00B29BCK10 (KASE ресми тізімі, бірінші санат, GB_ENRC) жай акциялары фьючерсіне; - KAZAKHMYS PLС (Лондон) GB00B0HZPV38 (KASE ресми тізімі, бірінші санат, GB_KZMS) жай акциялар фьючерсіне; - "Қазақстан халық банкі" АҚ (Алматы) KZ1C33870011 (KZ000A0LE0S4, KASE ресми тізімі, бірінші санат, HSBK) жай акциялар фьючерсіне; - "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Астана) KZ1C51460018 (KZ000A0KEZQ2, KASE ресми тізімі, бірінші санат RDGZ) жай акцияларына. KASE сауда жүйесінде аталған алты айлық келісімшарттарға тисініше қысқартылған белгілер (сауда-саттық кодтары) _USDKZT1306, F_INKASE1306, F_GB_ENRC1306, F_GB_KZMS1306, F_HSBK1306 және F_RDGZ1306 берілген. 2012 жылдың 19 желтоқсанынан бастап F_USDKZT1303, F_INKASE1303, F_GB_ENRC1303, F_GB_KZMS1303, F_HSBK1303 және F_RDGZ1303 фьючерстері үш айлық мерзімдік келісімшарттарға айналатынын естеріңізге саламыз. Алты айлық фьючерстермен соңғы сауда-саттық күні 2013 жылдың 14 наурызы соңғы сауда саттық күні болып табылады. Мерзімдік келісімшарттар бойынша сауда-саттық Биржада жұмыс күндері Алматы уақытымен 10:00 бастап 15:30 дейін, аталмыш сауда-саттық бойынша клирингілік сессия Алматы уақытымен 15:30 бастап 16:00 дейін өткізіледі Мерзімдік келісімшарттар сауда-саттығына KASE мерзімдік нарық мүшелері қатыса алады, оладың тізімі KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/ru/membership мекенжай бойынша жарияланды. KASE мерзімдік нарығының қызмет ету тәртібін реттейтін биржаның ішкі құжаттарының мәтіні мынадай мекенжайлар бойынша жарияланды: Мерзімдік келісімшарттың биржалық саудаларының ережелері – http://www.kase.kz/ru/fut мекен-жайында жарияланады. Фьючерстің KASE индексіне маманданымы – http://www.kase.kz/files/normative_base/specification_index.pdf [2012-12-19]