"Тройка Диалог Казахстан" АҚ "Самұрық-Энерго" АҚ (Қазақстан) еурооблигацияларын орналастыруға қатысуға өтініштер кітабының жабылуы туралы хабарлады

19.12.12 11:59
/KASE, 19.12.12/ – "Самұрық-Энерго" АҚ (Астана) жетекші ұйымдастырушысы, еурооблигациялар шығарылымының дилері және букраннері болып табылатын "Тройка Диалог Казахстан" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына 2012 жылдың 14 желтоқсанында баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы "Самұрық-Энерго" АҚ 2012 жылдың 13 желтоқсанында RegS форматындағы алғашқы еурооблигацияларды орналастыруға қатысуға өтініштер кітабының жабылуы туралы хабарлайды. Шығарылым көлемі 500 млн АҚШ долларын құрайды, айналым мерзімі – орналастырған күннен бастап 5 жыл, орналастыру құны – номиналдық құны бойынша. Борыштық қағаздар листингін Ирланд қор биржасында, сондай-ақ Қазақстан Қор биржасында орналастыруды көздеп отыр. Кітапты қалыптастыру кезінде 80 өтініш инвесторлар тарапынан берілген. Сұранымның жалпы көлемі 1,1 млрд АҚШ долларынан асты. Маркетинг қорытындысы бойынша эмитент купон мөлшерлемесін жылдық 3,75% белгілеп, 500 млн. АҚШ долларына 64 өтінімді қанағаттандырды. ... Ұйымдастырушылары: Sberbank CIB* және RBS. Қазақстан Республикасының аумағындағы ұйымдастырушылары: "Тройка Диалог Казахстан" АҚ. Баспаөз хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында: - ағылшын тілінде - http://www.kase.kz/en/news/show/1181175; - орыс тілінде - http://www.kase.kz/ru/news/show/1181160 мекен- жайынан танысуға болады. [2012-12-19]